×
499.04
544.45
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.04
544.45
5.96

Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуі алаяқтық жасағанын мойындады

Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуі алаяқтық жасағанын мойындады
Ашық дереккөзден

Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлы алаяқтық жасағанын мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ОТЫРЫСЫ

- Сотталушы А.Кажмуханулы айыбын толықтай мойындайды, делінген сот отырысының хаттамасында. 

Сотталушы өз кінәсін мойындау және шын жүректен өкіну оның жауапкершілігін және жазасын жеңілдететін мән-жайлар болып саналады. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, 14 наурызда Астанада әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуіне қатысты істі сотта қарау басталғанын хабарлаған едік

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот кабинетіндегі мәлімет бойынша, әншінің экс-күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралып жатыр. Қазіргі таңда іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының өндірісіне қабылдауға жіберілген. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТУРАЛЫ

Еске салайық, антикор былтыр 23 қазанда әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялаған болатын. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.

Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді, – делінген хабарламада.

Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрған. 2021 жылы ажырасып кеткен.