×
496.41
542.77
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.41
542.77
6.05

Шығыс Қазақстандағыдай Астанада жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

18.03.2025, 12:54
Шығыс Қазақстандағыдай Астанада жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін
Ашық дереккөзден

Аталған мәселе жайлы қалалық мәслихат отырысында әкімнің орынбасары Ерсін Өтебаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өтебаев 2018 жылы әкімдік жұмыс күнінің басталу уақыты 08:30-ға ауыстырылғанын еске салды. Сөзінше, ендігі бастаманы үкімет деңгейінде көтеру жоспарланып отыр. Орталық атқарушы органдардың жұмыс бастау уақытын өзгерту мәселесін қарастыру қажет дейді ол. Бұл жарты сағат немесе бір сағат бола ма – талқылау жүргізіледі. Мәселені реттерде білім беру, денсаулық сақтау және басқа да ұйымдарының пікірі ескеріледі. Ерсін Өтебаевтің айтуынша, жұмыс кестесін өзгерту таңертеңгі және кешкі уақытта қала жолдарындағы жүктемені азайтуға көмектеседі.

Егер қоғамдық көлікті пайдаланатын әр жолаушының жұмыс уақытын жарты сағатқа жылжытсақ, жүргізушілер де маршрутқа ертерек шығуға мәжбүр болады. Бұл қозғалысты біркелкі етуге ықпал етеді. Алайда бұл мәселе қосымша зерттеуді қажет етеді, сондықтан біз оны жан-жақты пысықтаймыз, – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Самар, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерген болатын. 

Енді бұл аудандарда жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін аралығында болады.