×
496.41
542.77
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.41
542.77
6.05

Мажарстан парламенті жыл сайын өтетін ЛГБТ-парадқа тыйым салды

Бүгін, 08:29
Мажарстан парламенті жыл сайын өтетін ЛГБТ-парадқа тыйым салды
Фото: Marton Monus/REUTERS

Жыл сайын өтетін гей-парадқа тыйым салу туралы шешімді 136 депутат қолдап, 27-сі қарсы дауыс берген. Заң жобасы, сондай-ақ, билікке тыйым салынған іс-шараларға қатысушыларды анықтау үшін бет-әлпетті тану бағдарламаларын пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы DW-ға сілтеме жасап.

Оппозициялық саясаткерлер дауыс беруді бұзу мақсатында айқайлап, түрлі-түсті түтін шашкаларын жақты. Заң жобасы парламентке билеуші коалиция тарапынан небәрі бір күн бұрын ұсынылып, жеделдетілген тәртіпте қабылданды.

Budapest Pride-қа қарсы бағытталған бұл заң жобасын парламентке алдыңғы күні билеуші коалиция ұсынған. Құжат Мажарстан жиналыстар туралы заңына түзетулер енгізіп, даулы «балаларды қорғау» туралы заңды бұзатын іс-шараларды ұйымдастыруға немесе қатысуға тыйым салады.

Атап айтқанда, мұндай іс-шараға қатысу 200 мың форинтке (шамамен 550 АҚШ доллары) дейінгі айыппұл салуға әкелуі мүмкін. Бұл бастама – Виктор Орбан үкіметінің ЛГБТК+ қауымдастығына қарсы бағытталған жаңа шараларының бірі.

Budapest Pride: "Балаларды қорғау емес, бұл – фашизм"

2025 жылы 30 жылдығын атап өтетін Budapest Pride ұйымдастырушылары Виктор Орбан үкіметін сынайтын дауыстарды өшіруге бағытталған жаңа әрекет жасалып отырғанын мәлімдеді. "Бұл – балаларды қорғау емес, бұл – фашизм," деп атап өтті олар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, билік азшылық топтардың бейбіт наразылық білдіру мүмкіндіктерін шектеуге тырысып жатыр. "Сондықтан біз қозғалыс ретінде барлық мажарлардың демонстрацияға шығу құқығы үшін күресетін боламыз" деді Budapest Pride өкілдері.

Венгрия билігі 2021 жылы "балаларды қорғау" туралы заң қабылдап, мемлекеттік деңгейде дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдауды міндеттеп, ЛГБТК+ туралы ақпараттың таралуына тыйым салды. Алайда, адам құқықтарын қорғаушылар бұл заңды дискриминациялық сипатқа ие деп санайды.