Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітовке қойды.
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Сенат кулуарында сұраққа жауап берген министр біріншіден, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жүйелі шешімдер қабылданғанын, 2030 жылға дейін тұжырымдама бекітілгенін айтады. Одан бөлек тамыз айында кешенді жоспар мақұлданған. Оның ішінде жаңа су қоймаларын салу, жұмыс істеп тұрғандарын қайтадан жөндеуден өткізу, 14,5 мыңнан астам ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары бар. Екіншіден, жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коммуналдық меншіктегі арнайы мекемелер құрылған. Соған қарайтын гидротехникалық құрылыстарды қызмет көрсету, ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары бар.
Бүгінгі таңда біздің облыста сондай коммуналдық мекемелер бар. 1 мыңнан астам азамат жұмысқа кірді. 800-ден астам гидротехникалық құрылыстар теңгерімге алынды. Жергілікті атқарушы органдардан қаражат бөлініп, мен айтқан көпфакторлы жерде жұмыстар жүргізілді. “Тасқын” ақпараттық жүйесі іске қосылды. Биыл сол жүйе арқылы қай жерде қандай қауіп барын көріп отырмыз. Республикада үш өңір қызыл аймаққа бөлінген. Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан, Абай облысы бар. Сары аймақта 8 облыс бар. Жасыл аймақта Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облысы тұр. Міндетті түрде осы ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жеткізілді. “Тасқын” жүйесі тәулік бойы жұмыс істейді. “Қазсушар” қызметкерлері оқытылды. Ол жүйе қай жерде су көбейіп кететінін көрсетеді, – дейді Нұржігітов.
Былтыр 30 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі су тасқыны жағдайына қатысты жедел кеңес барысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс жариялаған еді.