×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Су тасқыны қаупі: Тоқаев төтенше жағдайлар министрін қабылдады

20.03.2025, 17:17
Су тасқыны қаупі: Тоқаев төтенше жағдайлар министрін қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрін қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚОРДАДАН АҚПАРАТ

Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдап, ведомствоның атқарған жұмысы мен жүргізілген реформалары туралы ақпарат алды. Ведомство жұмысына заманауи технологиялар енгізіліп, дрондар арқылы онлайн бейнебақылау жүргізу және цифрлық сервистерді интеграциялау жүйесі іске қосылған. Нәтижесінде, оқыс оқиғалар саны 2,8%-ға, адам өлімі 10,2%-ға, жарақат алғандар саны 8,1%-ға азайды. 2024 жылы ел аумағында 14 жаңа өрт сөндіру депосы ашылған.

Құтқарушылардың жаңа арнайы киім үлгісі бекітілген, әуе кемелері сатып алынған және елді мекендердегі қауіпсіздікті күшейту мақсатында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы іске қосылған

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ

Президентке су тасқыны қаупіне қатысты ахуал жөнінде де мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, жағдай тұрақты, сегіз өңірдегі жағдай бақылауда. Ресей және Қырғызстанмен деректер алмасу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

ТАПСЫРМА

Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы шараларға баса назар аудару, алдын ала ескерту жүйесін жаңғырту және төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.