×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Литва Украинаға әскер жіберуге дайын – Гитанас Науседа

Бүгін, 18:50
Литва Украинаға әскер жіберуге дайын – Гитанас Науседа
Ашық дереккөзден

Литва президенті Гитанас Науседа елінің Украинаға әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл күштер оқ атуды тоқтатқаннан кейінгі ықтимал миссия аясында қарастырылмақ.

Менің елім қажетті қолдау көрсетуге дайын. Біз әскери күштеріміздің нақты саны туралы айтып отырмыз, бірақ бұл коалицияға мүше барлық елдердің ортақ міндеттемесі болуы тиіс, – деді Науседа Bloomberg басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол Дональд Трамптың Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға ашық ниеті барын, алайда Путиннің келіссөздерді тек имитациялап, шабуылдарын жалғастырып жатқанын атап өтті.

ФРАНЦИЯНЫҢ БАСТАМАСЫ

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаны қолдайтын елдер коалициясының көшбасшылары Парижде бас қосатынын растаған еді. Саммитте бейбітшілік сақтау күштерін жіберу мүмкіндігі мен Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ. 

АҚШ Сауд Арабиясында Ресей мен Украина делегациялары арасында жанама келіссөздер ұйымдастыратыны белгілі болды. Келіссөздерге АҚШ атынан президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолц, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және саясатты жоспарлау жөніндегі директор Майкл Антон қатысады, деп жазады DW.