×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Ресейге тауар тасыған: Қазақстанда санкцияға ілінген компания саны 20-дан асып кетті

Бүгін, 16:31
Ресейге тауар тасыған: Қазақстанда санкцияға ілінген компания саны 20-дан асып кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның компаниялары Ресейге санкциялық тауарларды жеткізумен байланысты қызметі үшін АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Жапонияның санкциялық тізімдеріне енгізілген, деп жазады Ulysmedia.kz.

АҚПАРАТ ҚАЙДАН ТАРАДЫ

Бұл ақпаратты Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттарға берген жауабында атап өткен. Оның алдында депутаттар Қазақстанның машина жасау кәсіпорындарының өз өнімдерін Ресейге экспорттау қиындықтарына қатысты сауал жолдаған еді.

СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

Сүлейменовтің сөзінше, жекелеген елдер Ресейге қатысты енгізген санкциялық шектеулерге сауда, қаржы шаралары мен дербес санкциялар кіреді.

Қазақстан санкцияларға қосылған жоқ, тиісінше, РФ-мен тауарлар саудасында, оның ішінде санкциялық тізімдегі шектеулерді қолданбайды, заңнамада банктердің үшінші елдердің санкциялық шектеулеріне байланысты операцияларға қызмет көрсетуіне тыйым салынбаған. Алайда, санкциялық шектеулермен байланысты, оның ішінде санкциялық тізімдерге енгізілген тауарлармен операцияларды/мәмілелерді жүзеге асыру кезінде, мәміленің тікелей қатысушылары санкциялық тізімдерге енгізілмеген жағдайлардың өзінде де шет мемлекеттер тарапынан қайталама санкцияларды қолдану тәуекелін жоққа шығармау мүмкін емес. Мәселен, бүгінде Қазақстанның 20-дан астам компаниясы Ресейге санкциялық тауарларды жеткізумен байланысты қызметі үшін АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Жапонияның санкциялық тізімдеріне енгізілген, – дейді Сүлейменов.

Осыған байланысты, қазақстандық банктер төлемдер мен ақша аударымдарына қызмет көрсету кезінде санкциялық тәуекелдерді ескереді және тәуекелдерді басқарудың ішкі жүйесі шеңберінде клиенттердің транзакцияларына қажетті талдау жүргізеді.

БАНКТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР

Қазақстанның банк заңнамасының талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді, оның ішінде комплаенс-тәуекелді басқару жүйесі жұмыс істейді. Ол қызмет кезінде, оның ішінде клиенттерге тиісті тексеру және олардың операцияларына мониториң жүргізілген жағдайда шығынға ұшырау және банк үшін теріс салдарлардың туындау ықтималдығын білдіреді.

Санкциялық тәуекелдер мәселелері қаржы реттеушілерінің тұрақты бақылауында, қаржы нарығына қатысушылармен тұрақты негізде консультациялар жүргізіледі. Ең маңызды тақырыптардың бірі – «overcompliance», яғни қазақстандық кәсіпорындар мен өнімдерге қатысты төлемдерге қызмет көрсету кезіндегі артық алаңдаушылықты және тексеру рәсімдерін болдырмау. Ұлттық Банк қаржы реттеушілерінің екінші деңгейдегі банктермен және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен жақын арадағы кездесуінде бұл мәселені жүйелік мәселе ретінде көтереді. Сонымен бірге, атап өтілгендей, түпкілікті шешім азаматтық заңнамамен және нақты екінші деңгейдегі банк пен оның клиентінің өзара коммерциялық қарым-қатынастарымен реттеледі.   Өз кезегінде, үкімет санкцияларды айналып өту үшін ел аумағын пайдаланудың алдын алуға күш салуда, шет мемлекеттермен келіссөздер, бизнеспен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – делінген жауапта.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің басшылығымен Қазақстанға қатысты қайталама санкциялар салуға жол бермеу жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді.