АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф бұл туралы америкалық журналист Такер Карлсонмен болған сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Олар бұған келісті. Украинада сайлау болады, - деді Уиткофф.
Украинадағы кезекті президенттік сайлау 2024 жылы өтуге тиіс еді, бірақ ел заңдары әскери жағдай кезінде кез келген дауыс беруге тыйым салады.
Сонымен қатар Уиткофф Ресей аннекциялаған аймақтардың мәртебесі туралы тілге тиек етті.
Олардың дені орыс тілді, референдум өтті, халықтың басым бөлігі Ресейдің қол астында болғысы келетінін байқатты, – деген Стив Уиткофф қазір бұл аймақтар Ресейдің бақылауында екенін атап өтті.
Арнайы өкіл «әлем бұл аймақтарды ресейлік деп тануға дайын ба және оны Зеленский мойындаса, мұның соңы немен тынады» деген мәселеге де назар аударды.
Бұдан бөлек Уиткофф Украинаның САКҰ (НАТО) құрамына кірмейтінін, бірақ украиндармен «бесінші тармақ» туралы әңгіме болғанын айтты. «Бесінші тармаққа» сәйкес САКҰ-ның кез келген мүшесі басқа одақтастары тарапынан қорғалады. Осы ретте Украина САКҰ-ға мүше болмай-ақ мұндай қорғауға қол жеткізе алады.
САКҰ-ға келетін болсақ, меніңше Зеленский мен оның оң қолы Ермак әскери ұйымға мүше болмайтындықтарын мойындады, - деді арнайы өкіл.
Киев бұл мәлімдемелерге әлі түсініктеме берген жоқ.