БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының кеңсесінде Украинадағы соғыс тақырыбына арналған баяндама жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Баяндамада Ресей миллиондаған украиндық балаға адам айтса сенгісіз қайғы-қасірет әкелгені және 2022 жылы Украинаға толық басып кіргеннен бері олардың құқығы бұзылғаны айтылған.
Олардың құқығы бұзылып ғана қоймай, балалар физикалық және психоәлеуметтік жарақат алды, - деді БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Түрк.
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР БҰЗЫЛДЫ
Баяндамада 2022 жылы Ресей заңсыз аннексиялады деп мәлімделген Украинаның төрт аймағында балалардың халықаралық құқығы өрескел бұзылғандығы, соның ішінде сотсыз өлтіру, күшпен ұстау, жыныстық зорлық-зомбылық көрсету, азаптау сияқты айуандық әрекеттерге ұшырағаны атап өтілген.
2022-2023 жылдары бес ұл мен екі қыз өлім жазасына кесілді. Баяндамада бейбіт тұрғындарды қасақана өлтіру әскери қылмыс және Женева конвенцияларын өрескел бұзу болып саналады, - деп жазады Reuters.
200 БАЛАНЫ АЛЫП КЕТКЕН
БҰҰ-да кейбір балалар әскери-патриоттық дайындыққа қатысуға, орыс әнұранын орындауға және ресейлік мектеп бағдарламасын оқуға мәжбүр болған. Бұл халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзу болып есептеледі.
Сонымен қатар баяндамада 2022 жылғы ақпан мен 2024 жылғы желтоқсан аралығында кемінде 200 баланы ресейліктер өздері басып алған аумақтарға және Ресейге алып кеткендігі айтылады. Бұл ауыр әскери қылмыс екенін атап өтті БҰҰ өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей билігі украиндық балаларды қорғау мақсатында оларды соғыс аймағынан эвакуациялау жүргізілді деп мәлімдеген.