×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Маңғыстау облысында үйлердің ауласына су кірді

23.03.2025, 16:50
Маңғыстау облысында үйлердің ауласына су кірді
Мұнайлы әкімдігі

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жаңбыр суы аулаларға толып, тұрғын үйлер дым тарта бастаған. Ал жергілікті билік мәселені шешуге асығар емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz “Ладаға” сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұнайлы ауданының тұрғындары облыс әкімдігінің Telegram чатына су басқан аулалардың бейнежазбасын жиі-жиі жіберіп жатыр. Кадрдан су толған аулаларды көруге болады. Тұрғын үйлердің іші де дым тартып, ылдағана бастаған. Кейінгі бір-екі күнде тұрғындар үйлерінің ауласы мен қора-жайларға кірген топан суды мотопомполармен сорып, құрғатудан қолы босамаған.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, жауын-шашын мол түскенде көшедегі кәріз жүйелері суды ағызып үлгермейді.  

Атамекен ауылдық округінде жаңбыр жауып бастағалы арнайы техникалар мен мамандар көшелерді, үйлердің ауласын, сондай-ақ кәріз жүйелерін тазартты.  Адамдардың дүние-мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан және ауылдық округ әкімдігі, тиісті мекемелер барлық қажетті шараларды қабылдады, - деп хабарлады Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Мұнайлы ауданының су басу мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді.  Билік оны шешуге уәде бергенмен нақты ешқандай іс-әрекет болмаған.