Белгілі қазақстандық журналист Денис Кривошеев олигарх Александр Машкевич туралы пікір білдіріп, оның табысқа жету жолы манипуляцияға, сыбайлас жемқорлық пен әйелдерді қанауға негізделгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кривошеевтің айтуынша, 2000 жылдардың басында Машкевич Алматыда кем дегенде екі модель агенттігін ұстаған және ол жас қыздардың қызметін пайдаланған.
Ол жоғарыға төсек арқылы жетуге болатынын өте жақсы түсінді және соны құрды, өзі де сол қызметті пайдаланды, – деді журналист.
Сонымен қатар Кривошеев Машкевичпен алғаш танысқан сәтте басталған және бертінге дейін жалғасқан кикілжің туралы айтты. Журналист бизнесменнің өзімен ғана емес, еврей қауымдастығының өкілдерімен де қарым-қатынас нашарлағанын айтты. Оған себеп бас раввин Ашкеназидің Алматыға сапары болды. Сапарды Машкевичтің өзі ұйымдастырған. Журналистің пікірінше, бұл – дипломатиялық хаттаманы тікелей бұзу, өйткені мұндай дәрежедегі діни көшбасшыларды тек мемлекет басшылары шақыра алады.
Кривошеевтің бұл мақаласы елордада қатты реакция туғызды.
Мені сол кезде жұмыстан шығара жаздады. Байтасов айтпақшы, өзіме бітіспес жау таптым, — деп еске алады ол.
Сондай-ақ Кривошеев Машкевичтің халықаралық лоббизммен тығыз байланыста болғанын және еврей диаспорасындағы байланыстар арқылы мүдделерді ілгерілету үшін қазақстандық саясаткерлердің ресурстарын пайдаланғанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, Қазақстанның Батыс елдеріндегі жетістіктері, соның ішінде Kazakhgate кампаниясы сол ықпал ету тетігінің жемісі болғанын айтады.
Журналист өзінің Машкевичке деген теріс көзқарасын жасырмайды: «Қатыгез адам, принципсіз, білімді және сәл азғындау» деп сипаттайды. Саясаткерлерге айла-шарғы қолданды деп айыптайды және миллиардтаған байлыққа қол жеткізгеннен кейін мемлекетке және серіктестеріне қарызға белшеден батқан, жартылай тоналған компания қалдырып кетті.
Кривошеевтің есебінше, экономикаға келтірілген залал шамамен 8 миллиард доллар көлемінде болуы мүмкін және мардымсыз қормен бұл қаражатты қайтару өте қиын болмақ.
Бірдеңені қайтарамыз деп үміттенудің керегі жоқ, бітті, ақша ұшты-күйлі жоғалды! – деп жазды ол.
Журналист өзінің эмоцияға толы жазбасын түйіндей келе: - Ол артында көп дүние қалдырды, бастысы мұра қалдырмады. Ол туралы қанша жазсаңыз да бәрі бос сөз..., - деді.
Бұған дейін Ulysmedia.kz авторлары Машкевичтің ұзақ аурудан кейін қайтыс болғаны және олигархтың ел есінде несімен қалғаны туралы жазды.