×
498.25
537.16
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.25
537.16
5.96

Оңтүстік Корея премьеріне жарияланған импичменттің күші жойылды

24.03.2025, 13:58
Оңтүстік Корея премьеріне жарияланған импичменттің күші жойылды
sb.by

Оңтүстік Кореяның конституциялық соты премьер-министр Хан Док Судың импичментін қабылдамады. Ол енді президенттің міндетін атқаруға кіріседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Хан Док Су президенттің міндетін атқарушы қызметінде бар-жоғы екі апта ғана істеген. Бұрынғы президент Юн Сокты алмастырғаннан кейін көп ұзамай оған импичмент жариялаған. Оңтүстік Корея парламенті Хан Док Су қызметінен босатылуы керек, өйткені ол  былтыр 3 желтоқсанында елде төтенше жағдай жариялаған президент Юн Сокпен бірге болды деп санайды. Сын сағатта үнсіз қалды деп айыптайды.  

Алайда істі қараған судьялардың басым көбі мұнымен келіспеді. Бес судья импичментті жоюға дауыс берсе, біреуі қалыс қалды, ал екеуі импичментті қолдады. Сөйтіп басым дауыспен Хан Док Су кінәсіз деп танылды. Сот келтірілген айыптаулар импичмент жариялауға жеткіліксіз деп тапты.