×
498.25
537.16
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.25
537.16
5.96

Азат Еуропа/Азаттық радиосы бөлінген гранттың бір бөлігін қайтадан алатын болды

Азат Еуропа/Азаттық радиосы бөлінген гранттың бір бөлігін қайтадан алатын болды
Ашық дереккөзден

АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігі (USAGM) Азат Еуропа/Азаттық радиосына (АЕ/АР) конгресс бөлген қаражаттың бір бөлігін аударуға келісті. Бұл туралы агенттік 24 наурызда мәлімдеді. Шешім сот отырысы өтпес бұрын жарияланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Азаттық” мәліметінше, нәтижесінде Азат Еуропа/Азаттық радиосы 1-14 наурыз аралығындағы грантты қамтитын 7,46 миллион доллар алады.

- Агенттік қажетті әкімшілік шараларды жылдам орындады, делінген USAGM сотқа ұсынған хатта.

Қаражат 26 наурызда аударылып, Азат Еуропа/Азаттық радиосы оны ай соңында алмақ.

Сот отырысында USAGM-нің атынан сөйлеген АҚШ әділет министрлігінің өкілі Абигейл Стоут халықаралық хабар тарату туралы заңға сәйкес, егер медиаұйым келісім талаптарын орындамаса, агенттік гранттық келісімді тоқтата алатынын айтты.

- Сондықтан заң агенттікке грантты тоқтатуға құқық береді, деді ол.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының адвокаты Дэвид Зионтс бұл пікірге қарсы шығып, «егер агенттік қалағанын істей берсе, Конгресстің бұл қаржыны бөлудегі мақсаты жойылар еді», – деп жауап берді.

Қазіргі уақытта Азат Еуропа/Азаттық радиосы 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі бюджет аясында грант қаражатын толық алуға талпынып жатыр. Медиакорпорация қаржы беруді тоқтату туралы шешімге уақытша тыйым салуды сұрап, өтініш білдірген. Бұл мәселе бойынша шешімді судья Ройс Ламберт алдағы апталарда шығаруы тиіс.