×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Екатерина Шульманға іздеу жарияланды

Екатерина Шульманға іздеу жарияланды
Forbes

Ресейдің ішкі істер министрлігі саясаттанушы Екатерина Шульманға іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл ақпарат ведомствоның ресми базасында пайда болды. 

ІІМ сайтында Шульманның Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің бабы бойынша қылмыстық іс аясында іздестіріліп жатқаны көрсетілген. Алайда Шульман не үшін айыпталып, қылмыстық іс не үшін қозғалғаны туралы мән-жай жазылмаған. 

Екатерина Шульман — белгілі саясаттанушы, саяси институттардың қызмет етуі және заң шығармашылық қызметі бойынша маман. Оның ғылыми және талдамалық жарияланымдары Ресейде және одан тыс жерлерде кеңінен танымал. 2022 жылдың сәуірінде Ресейдің әділет министрлігі оны «шетелдік агент» функцияларын орындайтын жеке тұлғалар тізіміне енгізді.

2022 жылдың күзінде Ресейде мобилизация басталғаннан кейін Шульман елден кетіп, шетелде академиялық және қоғамдық қызметке белсенді араласты.