Франциядағы оқу-жаттығу кезінде екі реактивті ұшақ соқтығысып, құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Францияның шығысындағы Сен-Дизье қаласы үстінде Patrouille de France әуе тобының екі Alpha Jet реактивті ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады. Бұл туралы BFMTV телеарнасы хабарлады.
Қарулы күштер министрі Себастьен Лекорнюдың мәліметінше, екі ұшқыш пен бір жолаушы соқтығысқаннан кейін катапульт жасап, жеңіл жарақат алған.
Бейнежазбадағы кадрлардан ұшақтардың жоғары пилотаж фигураларын орындау кезінде соқтығысқаны байқалады. Ұшақтардың бірі кәсіпорын аумағына құлап, өрт шыққан.
- Біз қара түтінді көрдік. Барлығы өте тез болып кетті, жол жиегінде ұшақ қанаттарының сынықтары жатты, бұл өте қорқынышты көрінді, деді оқиғакуәгерлері BFMTV арнасына берген сұхбатында.