×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қазгидромет су тасқыны болуы мүмкін бес облысты атады

Қазгидромет су тасқыны болуы мүмкін бес облысты атады
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АБАЙ ОБЛЫСЫ

Абай облысында көктемгі су тасқынында қаупі жоғары аудандарға Көкпекті, Үржар; қаупі орташаға: Жаңасемей, Бесқарағай, Бородулиха, Ақсуат, Жарма; Мақаншы, Аягөз аудандары және Семей қаласының әкімшілік аумағы; қаупі төменге: Абай ауданы және Курчатов қаласының әкімшілік аумағы жатады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Көктемгі су тасқынында қаупі жоғарыға Целиноград, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Зеренді, Ерейментау, Жаркайың, Сандықтау, Есіл, Жақсы аудандары, Қосшы қаласы; қаупі орташаға: Ақкөл, Бұланды, Қорғалжын, Бурабай, Шортанды, Біржан сал аудандары, Көкшетау қ.; қаупі төменге: Егіндікөл ауданы мен Степногорск қаласы жатады.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Көктемгі су тасқыны қаупі жоғары аудандарға Хобда, Мұғалжар, Ырғыз, Ойыл және Ақтөбе қаласы; қаупі орташа: Хромтау, Алға, Мәртүк, Қарғала және Темір; қаупі төмен: Байғанин, Шалқар және Әйтеке би аудандары жатады.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Көктемгі су тасқынында қаупі орташа аудандарға Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ және Алматы қ.; қаупі төменге: Қарасай, Ұйғыр, Балқаш, Талғар, Жамбыл, Іле аудандары және Қонаев қаласы жатады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Көктемгі су тасқыны қаупі жоғары аудандарға Қызылқоға және Жылыой; қаупі орташа: Мақат, Махамбет, Индер, Исатай, Құрманғазы аудандары және Атырау қаласы жатады.