×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Астанада әскери шеру өткізуге бөлінген 2,5 млрд теңге нақты не үшін жұмсалады

Астанада әскери шеру өткізуге бөлінген 2,5 млрд теңге нақты не үшін жұмсалады
ЖИ / ulysmedia.kz

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Астанада әскери шеру өткізуге бөлінген 2,5 млрд теңге нақты не үшін жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАЗЫҚБАЕВ НЕ ДЕДІ

Шайх Хасан  Жазықбаев 2,5 млрд теңге нақты не үшін жұмсалатынын түсіндірді. 

- Жанар-жағармай, тасымалдау, әскери қызметшілердің тамағы, киім тігуге жұмсалады. Негізінен әскер тұрақты орнында болған күннің өзінде де жауынгерлік даярлыққа ақша жаратылады, дейді Жазықбаев Ұлысмедиа тілшісіне. 

2,5 МЛРД

Еске салайық, қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өткізетінін мәлімдеген болатын. Әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінеді. 

АСТАНАДАҒЫ ПАРАД

Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті басшысының орынбасары Виталий Адамович 7 мамыр күні Астанада әскери шеру өтетінін мәлімдеді. Шеру Тәуелсіздік алаңында, «Қазақ Елі» монументінің алдында өтеді және үш кезеңнен тұрады.

- Бірінші кезең – тарихи және заманауи бөлімдерден тұратын жаяу әскер саптарының шеруі. Екінші кезең – механикаландырылған колонналардың жүруі, ол да тарихи және заманауи бөлімдерден тұрады. Үшінші кезең – авиацияның әуеде шеруі, деді Адамович.

ПАРАДТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ

Биылғы шерудің ерекшелігі – Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери формада сап түзеу.

  • Қазақ жерінде құрылған әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары алғаш рет алаңнан алып өтіледі.
  • Музейде сақталған Жеңіс туының көшірмесі Т-34 танкінде көрсетіледі.
  • Қазақстан Қорғаныс министрлігінің арнайы парадтық бөлімі Мәскеуде өтетін парадқа қатысады, ал Минскіге бес адамнан тұратын ту тобы жіберіледі.