Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуінде 121 баланың нәтижесі жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕСТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 88 мыңға жуық адам тест тапсырды.
Оның ішінде:
НӘТИЖЕ ЖОЙЫЛДЫ
Ереже бұзғаны үшін 121 адамның нәтижесі жойылды:
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 43 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды;
бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 23 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
ТАҢДАУ ПӘНІ
Қатысушылардың 18,1%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 14,8%-ы «Биология-Химия», 12,6%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.
Наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.