×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Шерзат Полаттың ісі сотқа түсті

26.03.2025, 21:25
Шерзат Полаттың ісі сотқа түсті
Ulysmedia коллажы

Күллі Қазақстан жұртын алаңдатқан Шерзат Полаттың ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АДВОКАТЫ РАСТАДЫ

Бұл туралы Ulysmedia.kz жәбірленуші тараптың адвокаты Дінмұхаммед Қаматай хабарлады. 

Жалпы осы іс бойынша жәбірленушілердің құқығын қорғайтын адвокаттар командасы жасақталған. 

Ол қатарда Мейірман Шекеев, Әлім Мұстапаев, Жандос Палманов, Бекзат Ниязов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев, Дина Досаева сынды адвокаттар бар. 

Құрметті достар, біз іске кірістік. Барлық құжаттармен таныстық. Біздің пайымдауымызша алғашқы сот отырысы сәуірдің ортасынан басталуы керек”- дейді Мейірман Шекеев.

Бұған дейін Қаржаубай Нұрымов адвокаттарынан бас тартқан еді. 

ТЕРГЕУ БАРЫСЫ

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.

Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

Былтыр 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.