БҚО-дағы аудан әкімдігінде төбелескен ер адам 10 күннен бері ауруханының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
“Мой город” мәліметінше, төбелес кезінде қатты жарақат алған ер адам 15 наурызда ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер оның жағдайы әлі ауыр деп бағалап отыр.
ТӨБЕЛЕС ШЫҒАРҒАН КІМДЕР
БҚО мемлекеттік қызмет істері бойынша департаментінің өкілдері әкімдік ғимаратында төбелес шығарғандер мемлекеттік қызметкер емес екенін айтты.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Еске салайық, оқиға 15 наурызда болған. БҚО-дағы Сырым ауданының әкімдігінде төбелес болды. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Бір ер адам ауруханаға жатқызылып, тағы біреуі ұсталды.
Полиция мәліметінше, 44 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
- Оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрі анықталып, жауап алынды. Тергеу бақылауда, дейді полицейлер.