×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Екеуі жасөспірім: Атырауда туды өзгертіп, тұмшаланып суретке түскендердің үстінен іс қозғалды

27.03.2025, 16:56
Екеуі жасөспірім: Атырауда туды өзгертіп, тұмшаланып суретке түскендердің үстінен іс қозғалды
Желіден

Әлеуметтік желіде бет-жүзі тұмшаланған бірнеше бойжеткеннің Қазақстан туын ұстап тұрған фотосуреті тараған еді. Туға Сауд Арабиясы туының элементтері қосылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл фото Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайында түсірілуі мүмкін. Атырау облыстық полиция департаменті қазір суретке түскендер анықталғанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде таралған  жазба бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Таралған жазбадағы төрт күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қатысуымен жауап алынуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды, – делінген полиция хабарламасында.

Олар ұстап тұрған Қазақстанның Мемлекеттік туының жоғарғы жағында арабша жазу жазылып, қылыштың бейнесі суреттелген. 

ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ұлттық құрылтайда ұлттық киімдердің рөлі туралы айтқан еді. “Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек” деді президент.