×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қазақстанда жас жұбайлар той жасауға алған несиесін төлемей жатып ажырасады – зерттеу

28.03.2025, 08:00
Қазақстанда жас жұбайлар той жасауға алған несиесін төлемей жатып ажырасады – зерттеу
фото: aprlnr.su

Неке институты бүкіл әлемде өзгеріп жатыр. Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Finprom.kz мәліметінше, Қазақстанда ажырасудың ең жоғары деңгейі төрт жылға жетпей бірге тұрған жұптар арасында тіркелген. 2024 жылы мұндай некелердің үлесі 35%-ды құрады. Екінші орында – 5-9 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар (25%).

Сонымен қатар, некелердің 8%-ы бір жыл ішінде бұзылған. Бұл – үйлену тойының естеліктері әлі де жаңғырып, оны өткізу үшін алынған несиелер толық өтелмеген кезең.

Соңғы жылдары елдегі ажырасу коэффициенті тұрақты түрде төмендеуде: 2019 жылы 3,23 болса, өткен жылы 2,01-ге дейін азайды. Жалпы ажырасулар саны осы уақыт аралығында шамамен 1,5 есеге қысқарып, 40,5 мыңды құрады.

Сондай-ақ, соңғы 10 жылда Қазақстанда алғашқы некеге тұру жасының артқаны байқалады. 2014 жылы қалыңдықтардың орташа жасы 24,6 болса, күйеу жігіттердің жасы 27,1 болған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш тиісінше 25,2 және 27,9 жасқа жетті.

Бұған дейін 2024 жылы ажырасқан некелердің жартысына жуығы бес жылға жетпей бұзылғаны хабарланған еді.