×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Мьянмадағы зілзала: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады

29.03.2025, 08:05
Мьянмадағы зілзала: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады
Associated Press

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аккорда Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы көптеген адам қаза тапқан жойқын жер сілкінісінің салдары туралы қаралы хабарды өкінішпен қабылдағанын мәлім етті. Қазақстан президенті премьер-министр Мин Аун Хлайнға және қаза тапқандардың отбасыларына өайғысына ортақтасып көңіл айтты, сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Мьянманың орталық бөлігінде 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл ауданда шамамен 1 миллион адам тұрады және көптеген тарихи ғимараттар орналасқан. Дүмпудің қатты болғаны соншалық, зілзала толқыны жақын маңдағы Бангкок пен Қытайдың Юньнань провинциясында да сезілді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы қазақстандықтар көмек сұрамағанын хабарлады.