×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Тоқаев пен Мирзиеев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты

29.03.2025, 13:30
Тоқаев пен Мирзиеев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты
Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауын аралатып, кіші Алматы шатқалындағы «Медеу» селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев қала әкімінің еліміздегі ең ірі «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады. Қазір мұнда 5 аспалы жол жұмыс істеп тұр. Ал шаңғы тебуге арналған трассаның жалпы ұзындығы – 25 шақырым. Былтыр Шымбұлаққа 1,4 миллион адам келген. 

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Екі елдің басшылары Алматының туристік әлеуетіне жоғары баға берді. Олардың пікірінше, әсем табиғат аясында орналасқан және дамыған инфрақұрылымы, сапалы жолы бар тау шаңғысы курорты – Орталық Азиядағы қысқы және жазғы демалысқа лайық ең тартымды орындардың бірі.

Президенттерге Алматы тау кластерін одан әрі дамыту перспективасы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Шымбұлақтың» қазіргі тау шаңғы трассасын 56 шақырымға дейін ұзарту және жаңадан 65 шақырым инфрақұрылым салу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға жұмыс сапарымен келгенін жазғаныз.