×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

ХВҚ Украинаға миллиондаған доллар көмек траншын мақұлдады

29.03.2025, 15:32
ХВҚ Украинаға миллиондаған доллар көмек траншын мақұлдады
ullstein bild - Imagebroker.net

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) атқарушы кеңесі EFF-тің төрт жылдық бағдарламасы аясында Киевке 400 миллион АҚШ доллар қаржы бөлуді мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW-ға сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргі қиын жағдайға қарамастан Украинаның экономикасы тұрақты болып қала береді деп есептейді ХВҚ.

Украина экономикасындағы тұрақтылық сақталады және EFF бағдарламасы аясындағы қызмет нәтижелері де күрделі жағдайларға қарамастан жоғары деңгейде қала береді. Билік былтыр желтоқсанның соңында барлық тиімділік критерийлеріне сәйкес келді және ол ұзақмерзімді негізде, - делінген құжатта.

ЖЕТІ ТРАНШ ТҮСТІ

Украина үкіметінің сайтындағы ақпаратқа сенсек, ХВҚ EFF бағдарламасы аясында елдің мемлекеттік бюджетіне 2023-2027 жылдарға жоспарланған 15,5 миллиард АҚШ долларының шамамен 9,8 миллиард доллар көлеміндегі жеті транш түсті.

Украинаның экономикалық және қаржылық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік беретін қолдау мен сараптама үшін Халықаралық валюта қорына алғыс айтамын. Бірге жасаған реформаларды енгізу бойынша жұмысты тізе қосып жалғастырамыз, - деді Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко.

УКРАИНАҒА АРНАЛҒАН EFF БАҒДАРЛАМАСЫ

Украинаға арналған 48 айлық EFF бағдарламасын ХВҚ 2023 жылы 31 наурызда мақұлдаған. Бағдарлама аясында берілетін қаржылай транш –шамамен 15,5 миллиард АҚШ долларына тең. Бұл қаржы экономикалық қалпына келтіруді қолдауға, басқаруды жақсартуға және институттарды нығайтуға бағытталған.