×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Жемқорлық: Ақтөбеде шенеуніктер күдікке ілінді

30.03.2025, 12:57
Жемқорлық: Ақтөбеде шенеуніктер күдікке ілінді
gov.kz

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бас маманы жалақысының үстінен өзіне миллиондаған қаражат аударды деген күдікке ілінді, дерпхабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

«Диапазон» сайты жазғандай, бас маманға 4,9 млн теңге бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағыллып отыр. Аша ұрлау тәсілі қарапайым, күдікті өзіне белгіленген мөлшерден тым жоғары еңбекақы аудартып отырған.

Сондай-ақ Ақтөбе облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы тұлға да күдікке ілінді. Шенеунікке мектеп директорларынан аттестациядан өткізуге көмектескені үшін пара алды деген айып тағылды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі заңсыз жолмен иемденген қаражаттың көлемі туралы ақпарат бермеді. Бірақ жемқорлықтың жолын кесетінін жүйе әзірленгенін атап өтті.

Бухгалтерлік бағдарламаларға қойылатын бірыңғай техникалық талаптар бар. Олар артық жалақы төлеу және «өлі жандарға» еңбекақы аудару секілді заңбұзушылықтардың алдын алуға, жалған мәліметтер енгізуді бұғаттауға мүмкіндік береді. Ал «бұлтты бухгалтерия» мемлекеттік органдардың, соның ішінде қазынашылықтың дерекқорларымен біріктіріледі, – деп хабарлады ведомство.

Ұрлау және пара алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұдан өзге мәлімет әзірге жарияланған жоқ.