×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Оңтүстік Кореядағы алапат өрт: күдікті ұсталды

30.03.2025, 13:57
Оңтүстік Кореядағы алапат өрт: күдікті ұсталды
Yonhap/Reuters

Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс аймағын тұтас отқа орап, елдің экономикасы мен табиғатына орасан зор зардап шектірген алапат өртті тұтандырған адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

22 наурыз күні таңертең 56 жастағы ер адам Солтүстік Кёнсан провинциясының Ыйсон уезіндегі төбеде орналасқан отбасылық зиратта ата-бабаларын еске алу рәсімін өткізген. Алайда қатты жел мен құрғақшылықтан қызыл жалын тез таралып, жақын маңдағы аумақтарды шарпыған, – деп жазылған полиция таратқан хабарламада.

Алайда күдікті өзіне тағылған айыппен келіспей отыр.

Биліктің мәліметінше, тілсіз жаудың салдарынан кемінде 30 адам қаза тауып, 4 мыңнан астам ғимарат бүлінген. Оның ішінде ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Гун храмы да бар.