×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мәжілісмендер Алматыдағы бес адамның өлімін Үкіметтің бейқамдығынан көріп отыр

22.09.2021, 10:10
Мәжілісмендер Алматыдағы бес адамның өлімін Үкіметтің бейқамдығынан көріп отыр
Коллаж: ulysmedia.kz.

«Ақ жол» партиясының мүшелері Алматыдағы атыс салдарынан болған бес адамның өлімі бойынша жауапты органдарға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Екі күн бұрын Алматыда қайғылы жағдай тіркеліп, банк борышкерін көшіру кезінде бес адам қаза тапты. Біздің фракция қайғылы оқиға құрбандарының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз зорлық-зомбылықты кез-келген түрде айыптаймыз», - дейді Андрей Линник.

Ол өз сөзінде құқық қорғау органдарын мұқият тергеу жүргізуге және осы атыстың барлық мән-жайларын анықтауға шақырды. Айтуынша, әсіресе кісі өлтірді деген күдіктінің бұған дейін де құқық бұзғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

«Бұл драманың бірқатар жағдайлары тек полиция тарапынан ғана емес, сонымен бірге қаржылық реттеушілер тарапынан да бөлек зерттеуді қажет етеді. Қайғылы оқиғаның себебі жалғыз тұрғын үй үшін дәрменсіз борышкердің банкпен дау-дамайы болғаны белгілі. Ашық көздерден алынған ақпарат бойынша, борышкер 121 млн теңге қарыз болған. Банк борышкерден бағалау құны 184 млн теңге жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жайды алып қойып, оны алған кезде банк 96 млн теңгеге қайта бағалаған (яғни екі есе аз). Оған қоса осы мүлікке қосымша банк борышкердің тұрғын үйін де алуға шешім қабылдапты. Бірнеше жылдан кейін банк өз дегеніне қол жеткізіп, оны көшеге лақтырып, жалғыз баспанадан тек борышкерді ғана емес, оның кәмелетке толмаған балаларын да айырды», - дейді ол.

Андрей Линніктің айтуынша, мұндай жағдаймен несие алып, бизнес бастауды көздейтін мыңдаған адам бетпе-бет келеді.

«Бұл жағдай халықтың орасан зор қарызға батуына, оның ішінде Ұлттық Банктің жоғары базалық мөлшерлемесіне, осындай даулар бойынша сот шешімдерінің әділетсіздігіне және сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің ықтимал сөз байласуына тағы да назар аудартады. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап «Ақ жол» фракциясы ондаған рет «жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды әзірлеуді ұсынған болатын. Кәсібі күйреген азаматтардың өмірлік құқықтарына кепілдік беру, балаларын тамақтандыруға және тәрбиелеуге мүмкіндік беру қажет», - дейді ол.

2015 жылы партия тіпті өздігімен заң жобасын әзірлепті. Алайда оны Үкімет бұғаттап тастаған.

«Кешегі оқиға – мыңдаған шағын кәсіпкер мен жай ғана борышкерлердің өміріне бай-жай қараудың ауқын көрінісі. Банктің әрекетін түсінуге болады, өйткені оның міндеті – ақша табу. Алайда, дәрменсіз борышкердің кепіл мүлкін алып қою кезінде бағалау құнынан ауытқу 10-15% аспауға тиіс, өйткені кепілге ресімдеу кезінде мұндай мүлік бастапқыда кредит сомасына 30-40% төмендетіледі. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу агенттігіне банктердің іс - қимылдарынан қорғансыз болып көрінетін борышкерлердің Алып қойылатын мүлкінің құнын төмендету бойынша банктердің мүмкіндіктерін шектеу қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, “сабын көпіршігі” ретінде кредит сомасын жасанды үрлеуді тоқтату үшін кредиттер бойынша мөлшерлемені төмендету қажет. Ол үшін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын қайта қарау қажет, ол бүгінде кез келген жағдайда инфляцияны тежемейді, бірақ ЕДБ мөлшерлемелерінің барабар жоғары болуына себеп болады», - деді ол.

Осы ретте депутаттар банк қызметкерлері мен сот орындаушыларының сөз байласуына жол бермеу керектігін мәлім етті.