×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

"Жаңбыр қарға ұласады". Алдағы күндері ауа райы қандай болады

"Жаңбыр қарға ұласады". Алдағы күндері ауа райы қандай болады
ЖИ / ulysmedia.kz

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢБЫР МЕН НАЙЗАҒАЙ

Синоптиктердің мәліметінше, барикалық құрылымдардың өзгеріп, Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз болады. Салдарынан жаңбыр мен найзағай болады, солтүстік және шығыс аймақтарда түнде жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін.

Тек орталық және оңтүстік аймақтарда жоғары қысым аймағының әсерінен негізінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

БАТЫС, СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС АЙМАҚТАР

Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді деп болжанып отыр. Таулы аймақтарда тұман болады.

ТЕМПЕРАТУРА

Қазақстанның көп бөлігінде күндізгі температураның 8-13°C-тан 15-20°C-қа дейін көтерілуі күтілуде, оңтүстікте 18-23°C-тан 20-28°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 12-20°C-тан 18-23°C-қа дейін, шығыста 5-15°C, ал батыста 15-25°C-тан 13-22°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.