×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

Ресейге "вахтаға" барған қазақстандық жастар "құлдыққа" түскен

Ресейге "вахтаға" барған қазақстандық жастар "құлдыққа" түскен
Видео кадры

Қазақ жастарының бір тобы Ресейге жақсы жалақы төленетін «вахталық жұмыс» туралы хабарландыруға сеніп, табыс табуға барған. Алайда елге жеткен соң, оқиға мүлде басқаша өрбіген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПАСПОРТТАРЫН ТАРТЫП АЛЫП, КҮШТЕП ЖҰМЫСҚА САЛҒАН

Ресейге жеткен бойда олардың төлқұжаттарын алып қойған. Ал уәде етілген жұмыс орындары мүлде болмай шыққан. Оның орнына оларды Ozon компаниясының қоймасына жұмысқа жіберіп, «құжаттарыңды қайтару үшін 10 күн тегін жұмыс істеуің керек» деген шарт қойған. Біраз уақыттан соң жастар онда мүлде жалақы төленбейтінін білген соң, жұмыс берушіден құжаттарын қайтаруды сұраған.

Бірақ жауап ретінде әр адамның төлқұжатын қайтару үшін 30 мың рубль (шамамен 150 мың теңге) төлеу керек деген талап қойылған. Сөйтіп, жастар ақшасыз, құжатсыз, тіпті жұмыссыз далада қалған. Абырой болғанда, қазіргі таңда олардың жағдайы реттеліп, өз оқиғаларын бейнежазба арқылы баяндауда.

ҚҰЖАТТЫ ҚАЙТАРМАЙ ҚОЙҒАН

Оқиғаға құқық қорғау органдары араласқан соң, жұмыс беруші компания құжаттарды Қазақстан елшілігіне өткізуі тиіс болған. Бұл – тараптар арасындағы келісімшартта да көрсетілген. Алайда жұмыс берушіге тағы хабарласқан кезде, ол «алдын ала айтылған соманы төлемейінше құжаттар қайтарылмайды» деп мәлімдеген.

- Бұл – тікелей құлдық болмаса да, азаматтардың еңбек құқықтарын өрескел бұзу және ашықтан-ашық бопсалау екені айқын. Авторлар бұл мәселеге жоғары деңгейдегі құқық қорғау органдары назар аударады деп үміттенеді, дейді “Альтернатива” қозғалысының мүшелері.

ЖАЛҒАН УӘДЕ МЕН КҮМӘНДІ КЕЛІСІМШАРТ

Жастар бұл вакансияны бастапқыда «СибирГрупп» компаниясынан көргендерін айтқан. Бірақ қол қойылған келісімшарт мүлде басқа – «Абсолют» компаниясының атынан жасалған. Ең қызығы – келісімшартта түрлі айыппұл санкциялары мен жұмыс берушінің кеткен шығындарын өтеу үшін паспортты алып қою туралы бап бар. Бұл – Ресей заңнамасына тікелей қайшы.

Сонымен қатар, келісімшартта «келісім бұзылған жағдайда құжаттар елшілікке тапсырылады» деген де күмәнді тармақ бар. Қай елшіліктің мұндай заңсыз келісімге қол қоятыны түсініксіз.