×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

«Мисс Еуропа-Косово» болған: Түркияда полициядан қашқан модель ажал құшты

06.04.2025, 08:45
«Мисс Еуропа-Косово» болған: Түркияда полициядан қашқан модель ажал құшты

Түркияда қайғылы жағдай орын алып, 27 жастағы модель Гүлер Ердоған көз жұмды. Ол «Мисс Еуропа-Косово» атағының иегері ретінде танымал болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға Рамазан айының аяқталуын атап өту үшін достарымен бірге жолға шыққан бойжеткен барған Гиресун қаласында тіркелген.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қалаға бара жатқан жолда олардың көлігін полиция патрулі тоқтатып, тексеріс жүргізген. Сол сәтте Гүлер Ердоғанның алкогольдік ішімдік ішкені анықталған. Алайда белгісіз себептермен ол күтпеген жерден полициядан қашуға әрекет жасаған. Жолдың арғы бетіне өтіп, эстакадаға шыққан соң, бойжеткен қашып құтылу үшін төмен секіріп кетуге бел буған.

Өкінішке қарай, дәл сол мезетте эстакаданың астындағы жолақпен көлік өтіп бара жатқан. Ердоған құлаған сәтте көлік оған соғылып, алған ауыр жарақаттардан оқиға орнында жан тәсілім етті. Дәрігерлер мен полиция шақыртылғанымен, оны құтқара алмаған.