×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

Қосшыда әйел екі жасар қызды қағып кетті

06.04.2025, 09:35
Қосшыда әйел екі жасар қызды қағып кетті
astana.avizinfo.kz

Ақмола облысының Қосшы қаласында қайғылы оқиға болды — "Лесная поляна" тұрғын алабындағы аулада екі жасар қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Оқиға 5 сәуір күні болған. Kia Sportage көлігінің жүргізушісі ауладан өтіп бара жатып, 2023 жылы туған баланы қағып кеткен.

Алған жарақаттарынан қыз оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Желі қолданушылары тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді талап етіп және жүргізушілерге аулаларда, әсіресе, балалар жиі ойнайтын жерлерде көлік жүргізген кезде өте сақ болуды ескертіп жатыр.

АЛМАТЫДАҒЫ ТРАГЕДИЯ

Еске салайық, Алматының Бурундай көшесінде ауыр жүк көлігі 2017 жылы туған баланы қағып кеткен еді. Видеодан анасы жол жиегінде күтіп тұрғанын, ал баланың жолдан өтіп келе жатқанын көруге болады. Бала анасына қарай жүрмек болғанда, алдынан жолаушылар автобусы кесіп өтеді. Сол сәтте жүк көлігі баланы байқамай басып өткен.