4 сәуірде Ресей армиясы Кривой Рог қаласына жасаған зымыран соққысы Украинадағы соғыс басталғалы бері балаларды ең көп қырған оқиға болды. Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің 6 сәуір, жексенбі күні жарияланған мәлімдемесінде айтылды, деп жазады Ulysmedia.kz.
БҰҰ: Соғыс басталғалы бергі ең қанды шабуыл
Тюрктің айтуынша, 5 сәуірде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасының (АҚЖБ) комиссиясы шабуыл болған аумаққа барып, келтірілген залалды құжаттап, қаза тапқан тоғыз баланың аты-жөнін анықтаған. Қазіргі уақытта БҰҰ сарапшылары қосымша мәлімет жинап жатыр. АҚЖБ жүздеген жарықшақ зақымдаған ғимараттарды, балалардың әткеншектері мен сырғанақтарын, ағаштар мен жерді құжаттап тіркеді", – делінген хабарламада.
Бұл – АҚЖБ 2022 жылдың ақпанында басталған ауқымды басқыншылықтан бері тіркеген, балаларға қарсы ең қанды жекелеген соққы. Бұл – ақылға қонбайтын сұмдық. Тоғыз бала қаза тапты, көбісі ойнап жүрген кезде, үстілерінен әскери қарудың жарықшақтары жарылып түсті. Жұма күні кешкісін, жылы ауа райында отбасылар балалар алаңына, мейрамханалар мен тұрғын үйлердің маңына жиналғанда, бұл жарылыс 18 адамның өмірін қиды, – деп көрсетілген мәлімдемеде.
Бұл – әскери қылмыс болуы мүмкін
Тюрктің айтуынша, "Ресей Федерациясының әскери мақсаттары жоқ тығыз қоныстанған аудандарда жойқын күшке ие жарылғыш қару қолдануы бейбіт тұрғындардың өміріне бейжай қараудың айқын көрінісі".
АҚЖБ мәлімдемесінде Ресей билігі бұл шабуылдың нысанасы – украиналық әскери топ болды деп мәлімдегені көрсетілген. Алайда БҰҰ комиссиясымен сөйлескен жергілікті тұрғындардың айтуынша, шабуыл алдында мейрамханада косметологтар форумы өтіп жатқан, бұл туралы интернетте хабар тараған, ал ол жерде ешқандай әскери қызметкер болмаған.
Ресей билігінің әскери нысан болуы мүмкін деген ақпараты болған күннің өзінде, шабуылдың жасалу тәсілі мен мән-жайы оны бейтарап шабуыл ретінде қарастыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтеді УВКПЧ. Ұйым мұндай шабуылдар халықаралық гуманитарлық құқықпен тыйым салынғанын және әскери қылмыс болып саналатынын еске салды.
Кривой Рогқа жасалған зымыран соққысы
2024 жылғы 4 сәуірде Ресей армиясы Украина президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласы – Кривой Рогқа зымыранмен соққы жасады. Ресми мәлімет бойынша, кемінде 19 адам қаза тапты, оның ішінде тоғыз бала бар. 70-тен астам тұрғын жараланды. Бұған дейінгі күні дәл осы қалаға жасалған зымыран соққысы салдарынан төрт адам мерт болып, оннан астамы жарақат алған еді. 6 сәуір, жексенбі күні бүкіл Украинада аза күні жарияланды. Ал Кривой Рог қаласында 7, 8 және 9 сәуір – дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері қаралы күн деп белгіленді.