×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

Жас хоккейшілердің ата-анасы Тоқаевқа үндеу жасады

Жас хоккейшілердің ата-анасы Тоқаевқа үндеу жасады
malls.ru

«Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер командаларында ойнайтын тәрбиеленушілердің ата-аналары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Хаттың толық мәтінін Shaiba.kz сайты жариялады.

Ересектер құрамы – сәтсіз маусым, жүйелі дағдарыс

Ата-аналар хатта ересектер құрамының биылғы маусымдағы сәтсіздігіне ерекше тоқталған. «Барыс» КХЛ-дағы маусымды соңғы орында аяқтады:
    •    68 ойынның 54-інде жеңілген,
    •    99 шайба соғып, 227 шайба жіберіп алған.

Ата-аналар бұл клубтағы жүйелі проблемалардың көрінісі деп бағалайды.

Хат авторларының айтуынша, клуб басшылығы жастар хоккейін дамытамыз деп уәде бергенімен, нақты іс жүзінде бұл бағытта еш өзгеріс жоқ.
Керісінше, жасөспірімдер лигаларындағы жарыстарға қатысудан бас тарту жиілеп, маңызды турнирлерден шеттету әрекеттері байқалған. Ата-аналар бұны қаржыландырудың жеткіліксіздігімен байланыстырады.

Ресей турнирлері – балалар үшін маңызды мүмкіндік

Ата-аналар Тоқаевқа жолдаған хатында балалардың ең алдымен Ресей чемпионатына қатысуын қамтамасыз етуді сұрайды.

- Егер Қазақстан құрамалары Ресей чемпионаты секілді мықты жарыстарға қатыспаса, отандық хоккейдің бәсекеге қабілеттілігі жоғалады. Спортшыларға даму үшін мықты қарсылас керек. Ресей – географиялық және логистикалық жағынан жақын, хоккей деңгейі жоғары ел. Бұл жарыстар – ойыншыларды өсіретін қолжетімді әрі тиімді платформа. Ал оны ел ішінде алмастыру әзірге мүмкін емес, делінген хатта.