×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

«Арам пиғылын алдын-ала жоспарлады»: Шакентидің анасы ұлына араша түсті

Бүгін, 23:45
«Арам пиғылын алдын-ала жоспарлады»: Шакентидің анасы ұлына араша түсті
Ашық дереккөзден

Шакенти лақап атымен танымал белгілі актер Шәріп Серіктің анасы ұлына араша түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“АРАМ ПИҒЫЛЫН АЛДЫН-АЛА ЖОСПАРЛАДЫ”

Актердің анасы адвокат Гүлнар Мұратқызы инстаграмм желісінде ұлының кінәсіз екендігін жазды. Оның айтуынша Әлия Бутаева Шәріп Серікке әдейі қастандық жасаған. 

“Ол өзінің арам пиғылын алдын-ала жоспарлады. Менің ұлым онымен ара-қатынасын әлдеқашан үзсе де ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 февраль күні сол жоспаны іске асырды.Менің ұйықтап жатқан ұлымның пәтеріне қандай мақсатпен және қалай  кірді? Ол сол күні арам пиғылын іска асырып лифтідегі  видеожазбаны  ол үйде тұрмаса да заңсыз қолына алды”- дейді Шәріп Серіктің анасы. 

Егер актердің анасының жазбасына сүйенсек оқиғаның барлығы Бутаева жариялаған күннен екі ай бұрын болған.  

“Бетіне шапалақ тисе неліктен сол күні 8 февраль күні полиция шақырмады, экпертиза жасатпады, арызданбады.Неге 2 ай өткеннен кейін  яғни 4 апрель күні полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Нелітен полиция бөліміне қасындағылар  “осылай айт” деп балама видео жазуға мәжбүрледі?”- дейді анасы. 

Оның айтуынша Бутаева екі жыл бойы оның ұлын пайдаланып соның ақысына өмір сүріп келген.

“Ол 2 жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып әдемі киім киіп жүр? Ол әрдайым өз сөзінде елге танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, подписчик жинап алды. Ел-жұртқа “жалған айтып” жала жауып ұлымды қаралады. Бәріде ұмытылады.  Бірақ бір Аллам ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды. Біреуге ор қазба, өзің сол орға түсерсің деген”- дейді Гүлнар Мұратқызы.  

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстандық блогер Алия Бутеева актер Шәріп Серіктің жалаңаяқ күйінде оның артынан жүгіріп шығып, қолынан жұлқып, лифтіден күшпен алып шыққан сәтін түсірген фото мен видеоны жариялады. Суреттерде қыздың бетінде соққыдан із қалғаны да анық көрінеді. 

Өз жазбасында бойжеткен болған оқиға жайлы эмоцияға беріліп айтып, үнсіз қалмайтынын жеткізді.

ҚОЛДАУ

Блогерді көптеген адам қолдады. 

“Осыдан кейін бұл адамды киноға шақырған әрбір студияны кәнсілдеймін!”, дейді танымал коуч Роза Әшірбаева. 

Ал Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікті "қара тізімге" қосып, жұмыс істеуін тоқтатты.

Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Өкінішке қарай, сіздердің бәріңіз менің Алия Бутееваны лифтіден дөрекі түрде сүйреп шығарған видеоны көрдіңіздер. Өзімді ақтағым келмейді. Мен қателікке бой алдырдым және заң бойынша жауап беруге дайынмын”-деп жауап берді Шәріп Серіктің өзі.

Кейін көпшілікке Say Mo есімімен танымал әнші Мөлдір Есембек актер Шәріп Серік (Шакенти) көрген қорлығын ашық айтты.

ШӘРІП СЕРІК

Шәріп Серік қазақстандық киноиндустрияда белсенді актер ретінде танымал. Ол бірнеше фильмдер мен телехикаяларда рөл сомдаған. "Районы" (2016), "Бизнесмены" (2018), "Шекер" (2020)  фильмдеріндегі рөлімен көрерменге жақсы таныс.