×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

LRT-нің 1 млрд теңгеге жуық активтері мемлекетке қайтарылды

08.04.2025, 12:31
LRT-нің 1 млрд теңгеге жуық активтері мемлекетке қайтарылды
Ulysmedia.kz коллажы

LRT жобасы аясындағы берешекті өтеу шеңберінде ғимараттар мен жер учаскесі мемлекет меншігіне өткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астаналық прокуратураның мәліметінше, борышкерлер жалпы саны 40 нысанды мемлекетке қайтарған:

  • 39 коммерциялық (тұрғын емес) ғимарат;

  • Жалпы ауданы 12,8 гектарды құрайтын, асфальт-бетон зауытына қызмет көрсетуге арналған теміржол жолдары бар жер телімі.

Аталған активтердің жалпы нарықтық құны — 920 миллион теңге.

Бұған қоса, қазір мемлекетке тағы 615 миллион теңге тұратын 37 нысанды қайтару жұмыстары жүріп жатыр.

Прокуратура нақтылағандай, бұл мүліктердің барлығы «City Transportation Systems» ЖШС-нің балансына берілуде. Айта кетейік, бұл компания бұған дейін «Астана LRT» деп аталған және оның жалғыз құрылтайшысы — Астана қаласының әкімдігі.

Бұған дейін елорда әкімдігі LRT жобасын 2035 жылға дейін іске қосу жоспарын жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары