×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

ҚМА Мұрат Теміржановқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр ма

ҚМА Мұрат Теміржановқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр ма
Ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМА мәліметінше, Мұрат Теміржановқа қатысты қандай да бір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz редакциясы жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов туралы ақпарат іздеуге 30 наурызда кіріскен. Сол күні редакцияға ішкі дереккөз арқылы Теміржановтың ұсталғаны туралы хабар түскен болатын.

Шенеуніктің телефоны сөндірулі, хабарласу мүмкін болмады. Ал оның атқарып отырған қызметі — елдегі ең маңызды ресурстардың бірі – жерге тікелей жауапты лауазым, сондықтан редакция бұл істі назардан тыс қалдырмауды жөн көрді. 

РЕСМИ САУАЛ

Ulysmedia.kz тілшілері жағдайды анықтау үшін:
    •    Бас прокуратураға
    •    Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК)
    •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке (Антикор)
    •    Қаржы мониторингі агенттігіне (ҚМА)
    •    Ауыл шаруашылығы министрлігіне ресми сауалдар жолдаған.

“3 СӘУІРДЕН БЕРІ ЖҰМЫСТА ЖОҚ”

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер ресми сауалға жауабында Теміржановтың қашаннан бері жұмыста жоқ екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары