×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде автобус жүргізушілерінің ереуілге шығу жағдайлары жиілеп барады

22.09.2021, 11:05
Елімізде автобус жүргізушілерінің ереуілге шығу жағдайлары жиілеп барады
Фото: Ашық дереккөзден

Өңірлерде қалаішілік автобустардың жүргізушілерінің ереуілге шығу жағдайлары жиілеп барады. Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевтың айтуынша, мұның арты халықтың наразылығын туғызып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«2021 жылғы 14 сәуірде «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы, елімізде автобус тасымалындағы күрделі жағдайды сауықтыру, соның ішінде жұмыс істеп тұрған автопарктерге тиесілі субсидияларды төлеу бойынша шұғыл шара қабылдау жөнінде үкіметке депутаттық сауал жолдаған болатынбыз. Сол сауалға берген жауапта вице премьер Р.Склярдың айтуынша, 2018-2020 жылдарда бюджеттен автопарктерді субсидиялауға 100 млрд-тан астам теңге және де лизингпен жаңа автобустар сатып алуға 57 млрд теңге қарастырылды делінген. Алайда, еліміздің әр өңірінен түсіп жатқан өтініштеріне орай, сондай-ақ аталған мәселе бойынша сайлаушылармен кездесу барысында жолаушылар тасымалдау саласында жағдайдың өзгермегеніне көзіміз жетіп, мәселені қайта көтеруге мәжбүр болып отырмыз», - дейді Серік Ерубаев.

Оның айтуынша, тығырыққа тіреліп, банкроттыққа ұшыраудың алдында тұрған тасымалдаушылар, бірнеше қалаларда ереуілге де шығып үлгерге. Бұндай ақпарат Ақтобе, Шымкент, Петропавл қалаларынан түсуде.

«Өйткені, жергілікті атқарушы органдар бекіткен тарифтер салдарынан, субсидиясыз, автобус жүргізушілеріне жалақы төле алмауы, оның үстіне сатып алынған жаңа автобустарға лизинг бойынша мемлекет тарапынан тиесілі қаражаттың төленбеуі, жығылғанның үстіне жұдырық болып барады», - дейді ол.

Мысалы, Семей қаласындағы екі жыл бойы қызметін сәтті атқарып келген автопарк, қажетті қаражат алмағандықтан соттың шешімімен банкрот болып жарияланып, несиеге алған техникасы түсініксіз жолмен басқа мердігерге берілген.

«Ал, үкіметтің жауабында көрсеткен 100 млрд субсидия мен 57 млрд лизингке арналған қаражат қайда сонда? Ең қызығы, аталған автопаркке екі жыл бойы төленбеген субсидияларды жаңа мердігерге қала басшылары бір сәтте 520 млн теңге мөлшерінде берілген. Бұл қаражат қайдан шықты? Бюджетте жаңа мердігерге арнайы сақталып отырған ба? Міне осындай сұрақтар туындайды. Әрине, біз банкроттыққа ұшыраған автопаркті ақтағымыз келмейді, соттың шешімі бойынша, оның де кінәсі бар шығар. Ал бірақ, бұндай тәжірибе кең таралса, басқа да қалаларда қолдаусыз қалған автопарктердің тағдыры алаңдатады», - децйді ол.

Осыған байланысты депутаттар үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайыловтан 2018-2020 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың қаншасы тікелей автобус парктеріне жеткендігі, ал қаншасы әлі күнге дейін әкімдіктің қорында игерусіз жатқаны туралы білгісі келетінін сұрады.