Каспий құбыр консорциумында (КҚК) бұрын тоқтатылған екі айлақ құрылғысының біреуі қайта іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕКСЕРІС
КҚК мәліметінше, жабдыққа жоспардан тыс техникалық тексеру жүргізілген.
– КҚК-1 сыртқы айлақ құрылғысы пайдалануға берілді. Мұнай тиеу КҚК-1 және КҚК-3 сыртқы айлақ құрылғысы арқылы жүзеге асырылып жатыр, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, КҚК-2 құрылғысының жұмысын қайта бастау туралы қосымша хабарланады.
КҚК ЖҰМЫСЫ
Еске салайық, Ресей билігінің тексерісінен КҚК құбырының жұмысы ішінара тоқтатылған болатын. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) ВПУ-1 және ВПУ-2 қондырғыларының уақытша істен шығарылғанын нақтылады.
КҚК таратқан мәліметке сәйкес, Ресей үкіметінің тапсырмасымен 2025 жылы 26 наурыздан бастап федералды көлік саласын қадағалау қызметі Азов-Қара теңіз бассейніндегі су көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігін тексереді. Бұл тексеріс қауіпті жүктерді тиеу-түсіру жұмыстары кезінде жүргізіледі.
Осыған байланысты инспекция Новороссийск, Темрюк, Сочи, Туапсе және өзге де теңіз порттарында жұмыс істейтін ұйымдарды қамтыды.