×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Біреуі Шерзаттың басынан бәкінің, екіншісі мылтықтың сабымен ұрған – айыптау актісі

10.04.2025, 14:16
Біреуі Шерзаттың басынан бәкінің, екіншісі мылтықтың сабымен ұрған – айыптау актісі
скриншот

Прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Полаттың ісі бойынша сотта айыптау актісін оқыған кезде оқиға қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРОКУРОР НЕ ДЕЙДІ

Прокурордың айтуынша, сағат 00.42 минутта Шынасыл атты күдікті анасы мен әжесінің көзінше Шерзаттың жүрегіне пышақ сұғып алған. Шерзат Полат асфальтқа отырып қалған. Сәкиев Ғайыпбаевқа бөтелке лақтырған. Алайда бөтелке тимей қалған. Осыдан кейін Сәкиев Ғайыпбаевты жұдырықпен ұрған. Ал Азамат Тоқтаубаев пен Ілиясов ас пышақтарын Ғайыпбаевқа қарсы сермеген. Бірақ соңғысына пышақ тимеген. Күдіктілердің бірі Қаржаубай Нұрымовтың бетінен бөтелкемен ұрған. Оқиға орнына әжесі келген кезде оны Шынасыл итеріп құлатқан. 

Бишімбиева баласы Шерзаттың асфальтта отырғанын көріп, соған қарай бармақ болған кезде оның алдынан Шынасыл мен Ілиясов шығып, екі білегінен ұстап жібермей қойған. Содан кейін Ғайыпбаев Шерзаттың “Нұрқанат аға, маған бірдеңе сұғып алды” деген дауысын естіп, жүгіріп барып, жедел жәрдем шақыру үшін “скорый” деп айғайлай бастаған. Осыдан кейін Әскентай, Тоқтаубаев Нұрбол, Белғожаев, Ілиясов, Шынасыл Шота Руставели көшесінің бойында отырған Ғайыпбаев пен Полатқа қарай барған. Сол сәтте Бишімбиева Полатқа бірінші болып жетіп, құшақтап алған. Белғожаев Полаттың басынан аяғымен теуіп, жиналмалы бәкі пышағының сабымен Шерзаттың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Ал Ілиясов сол жерде 16 калибрлі мылтықты жерден алып, аталған мылтықтың сабымен Полаттың басынан бір мәрте соққы жасаған. Аталған соққы анасының оң жақ қолына тиген. Мұнымен шектелмей Ілиясов өзінің әрекеттерін жалғастырып, мылтықтың сабымен Ғайыпбаевтың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Осы уақытта Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Ілиясов, Белғожаев, Тәкиев, Шынасыл қолдарымен және аяқтарымен жерде жатқан Ғайыпбаев пен Полатты ұрып соққан. Сол уақытта Шынасыл Ғайыпбаевқа пышақпен дене жарақаттарын келтірген. Шынасыл қоңыр түсті ас пышағымен Ғайыпбаевтың жамбас тұсынан бір рет сұғып алған. Сәкиев тергеумен анықталмаған пышақпен Ғайыпбаевтың иық тұсына екі рет сұғып алған. Салдарынан Ғайыпбаев сол жерде есінен танып қалған. Шынасыл мен Сәкиев Ғайыпбаевты өлтіргендеріне көзі жеткен. Алайда Ғайыпбаев тірі қалған, – дейді прокурор.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды. Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары