×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

«Уау! Біз тура жолдамыз!»: Баян Алагөзова Дженнифер Лопестің концертіне қатысты пікір білдірді

«Уау! Біз тура жолдамыз!»: Баян Алагөзова Дженнифер Лопестің концертіне қатысты пікір білдірді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол әлемдік жұлдыздың концертіне хейтерлер неліктен үндемей отырғанына таңғалған кейіп танытты.

Радикалды хейтерлер мен дәстүрлі ханжалардың реакциясын күтіп отырмын. Ұят қайда, бізге ондай болмайды ғой?

Оқиғалы туризм. Жұлдыз! Уау! Біз тура жолдамыз! Жоғары профиссионализм. Харизма, талант және ашық сексуалдылық. Онсыз болмайды ғой. Ол Джей Ло емес пе?! - деп жазды продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін әлемдік жұлдыз Астанада концерт өткізетінін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов Дженнифер Лопестің Астанаға келуін жоғары бағалап, мұндай деңгейдегі іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет екенін айтқан еді.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бір адамның айлығы: Дженнифер Лопестің билеті қанша

Серіктес жаңалықтары