Ресей Қазақстан аумағы арқылы мұнай мен табиғи газды транзитпен сату көлемін арттыруға ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новактың Қазақстан президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиевпен және Энергетика министрі Ерлан Әккенженовпен кездесу қорытындысы бойынша белгілі болды.
Александр Новак Астанамен арадағы қарым-қатынастар Ресейдің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Батыс елдерінің қысымы қарқын алуына қарамастан, Қазақстан Мәскеумен стратегиялық әріптестікке бейіл екенін көрсетіп келеді.
Жоғары деңгейдегі саяси диалог, ең алдымен мемлекет басшылары арасындағы тұрақты байланыс – тығыз әрі дәйекті дамып келе жатқан қарым-қатынастың негізі, – деді Новак.
Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар бағытын, соның ішінде ОПЕК+ аясындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ электр энергетикасы, гидроэнергетика және жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы жобаларды талқылаған.