Әлеуметтік желілерде көшеде кетіп бара жатқан жастарды көлікке күштеп отырғызып әкетіп бара жатқан видеолар тарай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіге тараған видеоларда өздерін “әскери комиссариаттанбыз” деп таныстырып, қарапайым кісілерше киінген адамдардың жастарды күштеп сүйреп әкетіп бара жатқан видеолары тараған. Жастардың кейбірін көшеден, кейбірін компьютерлік клубтан алып кеткен. Әскерге сарбаз жинау уақыты осы жылдың маусымына дейін жалғасады.
БЕКТЕНОВТІҢ ҚАУЛЫСЫ: БИЫЛ ҚАНША САРБАЗ ӘСКЕРГЕ БАРАДЫ
Премьер-министр Олжас Бектенов биыл 42 098 азамат әскер қатарына шақырылатыны жөнінде үкімет қаулысына қол қойған еді. Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі жастар 2025 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында әскерге барады.
Қазақстанда жыл сайын 200-250 мың әскери міндетті азамат әскерге шақырылады. Жалпы әскерге жарамды жастар көп, бірақ бір жылда сол азаматтардың 40 мыңы ғана армияға алынады.
Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейінгі материалда жастар армиядан қандай жағдайда босатылатынын анықтап көрген еді.