×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

«Qnet» қаржы пирамидасының бөлімшесін құрғандар сотталды

«Qnet» қаржы пирамидасының бөлімшесін құрғандар сотталды
ЖИ / ulysmedia.kz

«Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

  Тергеу ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізді. 

Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған «QVI tripsaver» саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген. 

ҚАНША ҚАТЫСУШЫ БОЛҒАН

Қатысушылардың салымдары 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген. 

Нәтижесінде қаржы пирамидаға 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған. 

СОТ ШЕШІМІ

Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

ҚАНДАЙ МҮЛІК ТӘРКІЛЕНДІ

Сот шешімімен 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленді.