×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әділет министрлігі мән-жайды дүйсенбі күні айтпақ. 

- Қазір айтуға әлі ерте. Себебі бұл жұмыс әділет министрлігі, KazAK авторлық қоғамдастығымен Meta арқылы жүргізіліп жатыр, дейді министрліктің ресми өкілі. 

Әзірге құжатқа қол қойылмаған. Алайда әндерді қайтару бойынша жұмыс біртіндеп жүргізіліп жатыр. 

ҚАЗАҚ ӘНДЕРІНІҢ ЖОЙЫЛУЫ

Еске салайық, былтыр желтоқсанның басында Instagram-нан қазақ әндері жойылып кеткен. Ол кезде Ботагөз Жақселекова Мeta музыка авторларымен авторлық құқықты басқаратын ұйымдар арқылы ынтымақтасатынын айтқан еді. Қазақстанда мұндай ұйым Meta-мен келісімшартты ұзарту шартын келісе алмаған. Мәселе тарифтер мен төлемдер мөлшеріндегі даудан туындаған.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕРІ НЕ ДЕДІ

Алматыда “Қазақстан авторлық қоғамы" РҚБ Instagram желісінен қазақстандық әртістердің әндері жоғалып кетуіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізген. "Қазақстан авторлық қоғамы" Мета компаниясымен 2022 жылы жасалған келісімшарт мерзімі аяқталғанын, оны созу кезінде қазақстандық авторларға роялити төлеу мәселесі бойынша ортақ келісімге келе алмағанын айтады.