Алматыда өткен ТМД cыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жиын барысында қатысушы елдердің сыртқы саясат басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ТМД аясындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМД елдер арасындағы кешенді байланыстарды нығайтуда бұл ұйым маңызды әрі қажет алаң болып қала беретінін атап өтті.
ЖОБАЛАР
Министр Нұртілеу Қазақстанның бастамасымен жүзеге асып жатқан және алдағы уақытта іске асуы жоспарланған бірқатар ірі жобаларға тоқталды. Олардың қатарында:
ЕҢБЕК ДАҢҚЫ АТАҒЫ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ТМД елдерінің бірнеше қаласына "1941–1945 жылдардағы еңбек даңқы қаласы" құрметті атағын беру туралы шешім қабылданды. Қазақстан тарапынан бұл атаққа Астана, Алматы және Қарағанды ие болды.
КЕЛЕСІ ОТЫРЫС
ТМД сыртқы істер министрлерінің келесі отырысы 2025 жылдың қазан айында Душанбе қаласында, мемлекет басшылары саммитінің қарсаңында өтетіні хабарланды.