×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

«Ауыз толтырып айтады, бірақ шешімі шала-шарпы»: Аймағамбетов Үкіметті өткір сынады

11.04.2025, 16:29
«Ауыз толтырып айтады, бірақ шешімі шала-шарпы»: Аймағамбетов Үкіметті өткір сынады
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа салық кодексі бойынша Үкімет мүшелерінің кейбір позициясымен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЙМАҒАМБЕТОВ НЕ ДЕЙДІ

Мәжілістің қоғамдық палата отырысында депутаттар жаңа салық кодексін Үкімет мүшелерімен бірге талқылап жатыр.

Әлеуметтік салаға келгенде салық кодексі бойынша өте көп сұрақ туындап отыр. Ең үлкен күш медицинаға түседі. Егер басқа салаларға 4 пайыздық салық туралы айтар болсақ, бұл салада 20 пайыз салық салынады. 10 пайыздық қосымша құн салығынан бөлек олар 10 пайыздық корпоративті табыс салығын төлеуі тиіс. Үкіметтегі әріптестеріміздің ауыз толтырып, әлеуметтік санаттағы аурулар бойынша дәрі-дәрмек әкелетіндер қосымша құн салығынан босатады деген сөзі бұл шала-шарпы шешім. Абсалютті түрде шала-шарпы! Проблеманы шеше алмайды. Басқа аурулар бойынша проблема асқына береді. Өйткені онкология бойынша қызмет қазір тегін көрсетіледі десек те, ауырғандардың көбі мемлекет көрсететін қызметті ала алмайды. Олар түпнұсқа препаратты сатып алған оңай екенін жақсы біледі. Сондықтан, дәрі-дәрмек бойынша қосымша құн салығынан босату мәселесін қарауымыз керек, – деді Аймағамбетов.

Аймағамбетовтың айтуынша, емдеу қызметі жағынан да Үкімет ешқандай мәмілеге келмеген. 10 пайыздық салықты Аймағамбетов қолдамайды. 

МӘМС бар дейміз, бірақ медицинаға келгенде халықтың 40 пайызы шығынды өз қалтасынан шығарады. МӘМС-те болсаң да солай! Азаматтардың өзі де айтып отыр. МӘМС бойынша олар емханаға барса, бір ай, екі айдан кейін кел деп, шығынды қалтадан өтеуге тура келеді. Енді осы қызметтер кемі 10 пайызға қымбаттайды, – дейді ол.

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ

Мәжілісте бірінші оқылымнан өткен жаңа салық кодексін депутаттар Үкімет мүшелерімен бірге талқылап жатыр. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін 40 миллион теңге көлемінде белгілеу көзделіп отыр. 

Бұл – біз жеткен ымыра шешім. Алайда осыған байланысты 160 мың жаңа салық төлеушіден және 400 миллиард теңге қосымша кірістен айырылып отырмыз. Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу де күрделене түседі, – деді Жұманғарин.

Қазақстанда бюджет тапшылығын еңсеру мақсатында салық реформасы қызу талқыланып жатыр. Бүгін мәжілісте құжат бірінші оқылымда қаралып жатыр. Үкімет 16 пайыздық базалық ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді, бірқатар басым бағыттағы салалар үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме белгілеуді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бұл салықтан босатуды ұсынып отыр.

Серіктес жаңалықтары