Астанада LRT-ны сынақтық пайдалану 2025 жылдың күзіне жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙ
Өткен жылдың қорытындысы бойынша эстакада, аспалы көпір және барлық стансаның темірбетон конструкцияларының құрылысы аяқталды.
Қазіргі уақытта нысанда рельстер төселіп жатыр – ұзындығы 2 шақырым болатын учаскеде, сондай-ақ оптикалық талшықта жұмыс аяқталды. Биыл жұмысқа 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды, жаз мезгілінде нысанға 5 мыңға жуық маман тартылады.
СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
“CTS” ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев 25 қазанда LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Астанадағы жеңіл рельсті көлік жобасы озық GoA4 стандартына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, бұл 6 айлық сынақ мерзімін талап етеді.
Еске салайық, бұған дейін City Transportation Systems ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев Астанада барлық құрылыс жұмысын аяқтау және жеңіл рельсті көлікті (LRT) іске қосу 2025 жылдың соңына жоспарланғанын мәлімдеген болатын.