Америкалық поп-дива Дженнифер Лопес Астанада өтетін концертіне билеттердің сатылып кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
SOLD-OUT
Дженнифер Лопестің концерті 2025 жылғы 1 тамызда Астанада өтеді. Билеттер бірнеше сағат ішінде толық сатылып кетті.
Джей Ло Қазақстандағы жанкүйерлеріне алғыс айтып, кездесуді асыға күтетінін айтты.
Рақмет сіздерге. Осы жазда сіздермен кездесуді асыға күтемін! — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
ӘНШІНІҢ КОНЦЕРТІ
Америкалық поп-дива Дженнифер Лопес Қазақстанды өзінің әлемдік Up All Night турнесіне қосқан.
Концерт 2025 жылдың 1 тамызында Astana Arena стадионында өтеді. Бұл – Лопестің Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі.
Тур әлемнің 15-ке жуық қаласын қамтиды, олардың арасында Анталья, Ыстамбұл, Мадрид, Барселона, Будапешт және Варшава бар. Қазақстан – Орталық Азиядағы осы гастрольдік сапарға қосылған аз ғана елдің бірі, бұл шара жергілікті жанкүйерлер үшін ерекше мәнге ие.
Шамамен 15 мың шетелдік турист концертке келмек. Ал экономикалық әсері 6,5 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін.