×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Атбасарда Mercedes жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті

13.04.2025, 10:12
Атбасарда Mercedes жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті
Видеодан алынған кадр

Кеше Атбасарда Mercedes көлігінің жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған төрт жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 1-шағын ауданда болған, зардап шеккендердің екеуі – кәмелетке толмаған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ақмола облысының Қосшы қаласында қайғылы оқиға болды — "Лесная поляна" тұрғын алабындағы аулада екі жасар қызды көлік қағып кетті. Оқиға 5 сәуір күні болған. Kia Sportage көлігінің жүргізушісі ауладан өтіп бара жатып, 2023 жылы туған баланы қағып кеткен.

Алған жарақаттарынан қыз оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

АЛМАТЫДАҒЫ ТРАГЕДИЯ

Алматының Бурундай көшесінде ауыр жүк көлігі 2017 жылы туған баланы қағып кеткен еді. Видеодан анасы жол жиегінде күтіп тұрғанын, ал баланың жолдан өтіп келе жатқанын көруге болады. Бала анасына қарай жүрмек болғанда, алдынан жолаушылар автобусы кесіп өтеді. Сол сәтте жүк көлігі баланы байқамай басып өткен.

Серіктес жаңалықтары